Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің 12.07.2021 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 01-20/423 ұсынысы негізінде Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі Қарамеңді ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты:
Қарамеңді ауылы мына мекенжайлар бойынша: Абай көшесі, 39 үй, 1 пәтер, Б. Момыш ұлы көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 24 үй, 1 пәтер, Б. Момыш ұлы көшесі, 6 үй, М. Сүгір ұлы көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Чапаев көшесі, 21 үй, 1 пәтер, Транспортный көшесі, 6 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 3 үй, 1 пәтер, Амангелді көшесі, 4 үй, Уәлиханов көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 6 үй, Алтынсарин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Карбышев көшесі, 3 үй, Баймағамбетов көшесі, 21 үй, 3 пәтер, Гагарин көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Карбышев көшесі, 16 үй, Амангелді көшесі, 57 үй, 1 пәтер, Чапаев көшесі, 16 үй, 2 пәтер, Баймағамбетов көшесі, 15 үй, 1 пәтер, Б. Момыш ұлы көшесі, 14 үй, 1 пәтер, Парковая көшесі, 8 үй, 1 пәтер, Сатпаев көшесі, 10 үй, 1 пәтер, Уәлиханова көшесі, 13 үй, Мәметова көшесі, 1 үй, Абай көшесі, 7 үй, Строительная көшесі, 1 үй, 2 пәтер, Майлин көшесі, 3 үй, 2 пәтер, Транспортный көшесі, 4 үй, 2 пәтер, Воровского көшесі, 3 үй, Б.Момыш ұлы көшесі, 5 үй, 1 пәтер, Пионер көшесі, 2 үй, 2 пәтер, Байтұрсынов көшесі, 4 үй, 1 пәтер, Автомобилистер көшесі, 11 үй, 1 пәтер, Абылай Хан көшесі, 52 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 41 үй, 2 пәтер, Амангелді көшесі, 27 үй, 1 пәтер шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Науырзым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарамеңді ауылдық округінің әкімі | С. Байдильдинов |