2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 8 қазандағы № 1-р шешіміне (2019 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,1910 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.";
көрсетілген шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "Барвинов ауылдық округінің", "Барвинов ауылдық округі" сөз тіркестері "Барвиновка ауылының", "Барвиновка ауылы" сөз тіркестерімен ауыстырылсын.
2. "Сарыкөл ауданының Барвиновка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Бекишев |