"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихатының "Бейімбет Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 қазандағы № 419 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9526 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |