Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Мақсұт ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1 шешіміне (2011 жылғы 10 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-145 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Мақсұт ауылының әкімі" сөз тіркесі "Белинский ауылдық округінің әкімі" деп ауыстырылсын.
2. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Н. Кошеров |