"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 01-20/373 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі Нагорное ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 30 маусымдағы № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23356 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Калинин ауылдық округінің әкімі | А. Испулова |