"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 61 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6961 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Исабаев |