Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Ақтоғай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 152/27 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5826 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Ташенев |