Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 131/21 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5798 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |