Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 22.09.2021 № 1-21-06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 2-19/107 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылтау ауылдық округінің әкімі | Ж. Мажитов |