Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 2-19/170 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық- санитарлық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округ әкімінің "Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан "Адильхан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 24 мамырдағы № 1-21-03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22822 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылтау ауылдық округінің әкімі | Ж. Мажитов |