Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 290/12 "Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5318 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин ауданының әкімі | А. Шайхимов |