Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 1-13/286 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Есқара ауылы аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі "Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Есқара ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7243 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан ауылдық округінің әкімі | Р. Тогайбаев |