Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Павлодар ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 24/132 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5751 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы | А. Шайхимов |