Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1022 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) "Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 "Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 11 наурыздағы № 1/86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1270 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. "Алматы қаласы Әлеуметік әл-ауқат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |