Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңы 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес, VII сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 330 "Алматы қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1542 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Е. Білісбековке жүктелсін.
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы |
С. Канкуров |