Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы оң қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мамлют ауданының Ленин ауылдық округі Мамлют ауданының Бике ауылдық округі;
Мамлют ауданы Ленин ауылдық округінің Ленин ауылы Мамлют ауданы Бике ауылдық округінің Бике ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б. Жалгасбаев |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |