Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Тоқшын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылының:
проезд Бірінші көшесі - Қамыстау көшесі;
проезд Екінші көшесі- Қызылжар көшесі;
проезд Үшінші көшесі – Бейбітшілік көшесі;
проезд Төртінші көшесі - Ақкөл көшесі;
проезд Бесінші көшесі – Еңбек көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округінің әкімі | Б. Имантаев |