"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, Новоишим ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округінің Новоишим ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар аталсын:
атауы жоқ көше - Есен Жантасов көшесі;
атауы жоқ көше - Айқын Нұрқатов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новоишим ауылдық округінің әкімі | А. Букпин |