Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 01-11/209 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Архангельск ауылдық округі Новокаменка ауылының Береговая көшесінде белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22907 болып тіркелген) № 19 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Архангельск ауылдық округінің әкімі | И. Рыбакова |