Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1."Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сот шешімімен коммуналдық меншіке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № 14-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Абильмажинов |