Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ганькин станциясы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округінің Ганькин станциясындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
бірінші көшеге – Береке көшесі;
екінші көшеге – Аққайын көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Калиев |
2021 жылғы 19 сәуірдегі № 8 | |
шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауылдық округі Ганькин станциясы атауы жоқ көшелеріне атау беру бойынша схемалық карта