Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының келесі көшелері:
1) Новая көшесі Ульфат Дүйсенов көшесі;
2) Строительная көшесі Уәп Латанов көшесі;
3) Дружба көшесі Құлеке батыр көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.