Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Шал ақын ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 12 қараша № 20-34/548 ұсынысы негізінде, Семипол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің Астаған ауылында "Ертаева" шаруа қожалығының аумағында жылқылар арасында ринопневмания ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 2 шілдегі № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №6437 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Р. Ескулов |