Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2 тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының "2019-2023 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн бекіту туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 309-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4388 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |