Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 30.09.2021 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 08-5/201 хатына сәйкес, Еркінқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еркінқала ауылдық округіне қарасты Сарыөзек учаскесінің тұрғыны У. Махамбетовтың мүйізді ірі қара малынан құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еркінқала ауылдық округінің әкімі |
М. Кумаргалиев |