Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес және Атырау қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 08-5/355 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі Сарыөзек учаскесінің тұрғыны У. Махамбетовтың жеке ауласының аумағында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 199 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4950 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркінқала ауылдық округінің әкімі |
М. Кумаргалиев |