"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" "Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 14 "Махамбет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4586 болып тіркелген, 2020 жылдың 14 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Аманшиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Р. Джанглишов |