"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1 "Қызылқоға ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4049 болып тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау "Атырау облысы Қызылқоға аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (У. Адилов) жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Қызылқоға ауданының әкімі | Н. Бисембиев |