Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 20.10.2021 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 мамыр күнгі № 12-11/126 санды № 5 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жеке кәсіпкер Б. Муханбетжановтың мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты, Құмарғали ауылы Майдангер көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теңіз ауылдық округінің әкімі | А. Баймуханов |