"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түркістан облысының төмендегі жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Қазығұрт ауданы бойынша:
Жаңабазар ауылдық округінің ХХ лет КазССР елді мекені Үшбастау елді мекені болып;
Мақтаарал ауданы бойынша:
Жамбыл ауылдық округінің Жалын елді мекені Абай елді мекені болып қайта аталсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Н. Абишов |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
Қ.Ә. Қайыпбек | |
А.Б. Тасыбаев |
""Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "___"____________ №____ қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы "___"____________ №____ шешіміне