"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Түркістан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 27 шілдедегі № 205 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4189 болып тіркелген);
2) Түркістан облысы әкімдігінің "Оңтүстік Қазақстан облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 205 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5572 болып тіркелген).
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары А.С. Сабитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |