ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің "2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 11 ақпандағы № 35 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Жетпісбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 274 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 35 қаулысына қосымша |
2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Р/с № | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 169 640 | 1 696 400,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 6 569 | 98 535,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 100 000 | 1 500 | 150 000,0 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу: | Cатып алынған бас | 150 000 | 3 000 | 450 000,0 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
4.1 | Отандық | Cатып алынған бас | 150 000 | 1 327 | 199 050,0 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225 000 | 2 569 | 578 025,0 | |
5. | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | 150 000 | 499 | 74 850,0 | |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 200 | 4 998 132 | 999 626,4 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | ||||
1.1 | Бір жынысты | сатып алынған доза | 10 000 | 856 | 8 560,0 |
1.2 | Қос жынысты | 5 000 | 1 975 | 9 875,0 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
2.1 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 288 | 57 600,0 |
2.2 | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 400 000 | 59 | 23 600,0 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 5 104 718 | 229 712,3 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 30 | 4 000 000 | 120 000,0 | |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 20 | 13 987 885 | 279 757,7 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 20 | 20 000 000 | 400 000,0 | |
Етті құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 50 | 1 000 000 | 50 000,0 |
2. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату* | 100 | 3 695 645 | 369 564,5 | |
3. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату 2022 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда | 200 | 4 152 576,5 | 830 515,3 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | ||||
1.1 | 20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген дана | 1 | 23 001 900 | 23 001,9 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 4 000 | 238 929 | 955 716,0 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 666 053 | 1 665 132,5 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатыпалынған бас | 15 000 | 25 000 | 375 000,0 |
3. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 10 000 | 5 000 | 50 000,0 |
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 5 000 | 11 950 | 59 750,0 |
2. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограм | 55 | 1 999 861,8 | 109 992,4 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||||
3. | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120 000 | 1 437 | 172 440,0 |
Барлығы | 10 036 704,0 |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 шілдедегі № 207 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы қабылданғанға дейін күрке тауық етін өндіру құнын арзандату субсидия нормативі (өткізілген килограмм) 100 теңгені құраған.