"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Түркістан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3710 болып тіркелген);
2) Түркістан облысы әкімдігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5543 болып тіркелген).
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары Р.А. Аюповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |