"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02/07175 ұсынысына сәйкес, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақбастау ауылдық округі, Кеңес елді мекенінің тұрғыны Г.Ратаеваның "Барлыбай" шаруа шаруашылығында "бруцеллез" ауруы ошағының анықталуына байланысты, Кеңес елді мекені аумағында шектеу іс- шаралары белгіленсін.
2. "Ақбастау ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресустарына орналастыруын қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақбастау ауылдық округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | А. Муратова |