Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 29.07.2021 № 54 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 02-05/249 ұсынысы негізінде Қазығұрт ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округ әкімі | Қ. Садықов |