Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5 тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауданның жер қатынастары бөлімі мен ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес шекаралары өзгертілсін:
1) 39,57 гектар жер учаскесі Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 336,43 гектар;
2) 12,77 гектар жер учаскесі Иіржар ауылдық округі Азат ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 62,85 гектар;
3) 44,80 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 293,30 гектар;
4) 12,61 гектар жер учаскесі Жаңажол ауылдық округі Ақжол ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 124,28 гектар;
5) 23,22 гектар жер учаскесі Бірлік ауылдық округі Табысты ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 135,28 гектар;
6) 13,22 гектар жер учаскесі А.Қалыбеков ауылдық округі Тұран ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 49,22 гектар;
7) 8,13 гектар жер учаскесі А.Қалыбеков ауылдық округі Жаңа жол ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 166,27 гектар;
8) 15,29 гектар жер учаскесі А.Қалыбеков ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып,жалпы ауданы 75,02 гектар;
9) 19,75 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Амангелді ауылының шегіне енгізіле отырып жалпы ауданы 47,49 гектар;
10) 7,2 гектар жер учаскесі Мақтарал ауылдық округі Бақыт ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 16,40 гектар;
11) 15,45 гектар жер учаскесі Иіржар ауылдық округі Шапағат ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 40,64 гектар;
12) 3,19 гектар жер учаскесі Иіржар ауылдық округі С.Рахимов ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 24,06 гектар;
13) 26,35 гектар жер учаскесі Иіржар ауылдық округі Азамат ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 139,41 гектар;
14) 121,03 гектар жер учаскесі Жаңажол ауылдық округі Фирдауси ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 267,52 гектар;
15) 23,39 гектар жер учаскесі Жаңажол ауылдық округі, Достық ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 44,86 гектар;
16) 23,24 гектар жер учаскесі Жаңажол ауылдық округі Арайлы ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 113,94 гектар;
17) 22,20 гектар жер учаскесі Жаңажол ауылдық округі Найман Бұқарбай ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 22,20 гектар; болып шекаралары өзгертілсін.
2. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтаарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал аудандық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Б. Абилов |
Мақтаарал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |