Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 201 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Құтырма ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарғалы ауыл округі әкімінің "Қарғалы ауыл округі Қ.Қожахметов көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6191 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Отырар ауданы әкімдігінің "Қарғалы ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауыл округінің әкімі | Е. Шынтереков |