"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыағаш аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Сарыағаш ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылатын иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 18-203-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Таскулов |