Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/76 ұсынысы негізінде, Қоғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі № 85 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекені, Бейбітшілік көшесіндегі (№ 85 үй – № 118 үй аралығы) 27 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. "Төлеби ауданының Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоғалы ауылдық округінің әкімі | К. Кипшахов |