Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданының жер қатынастары бөлімі және Жетісай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес Жетісай ауданы бойынша төмендегі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін:
1) 1,37 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Әлимбетов елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 21,77 гектар;
2) 0,43 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Ғабдулин елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 3,12 гектар;
3) 4,6 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Ғарышкер елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 15,51 гектар;
4) 63,89 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Талапты елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 244,14 гектар;
5) 3,33 гектар жер учаскесін Атамекен ауылдық округі Мақташы елді мекені шегін енгізіле отырып, жалпы ауданы 112,57 гектар;
6) 24,98 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Жемісті елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 123,39 гектар;
7) 34,9 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Жеңістің 40 жылдығы елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 190,34 гектар;
8) 46,31 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Қоғалы елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 109,41 гектар;
9) 55,56 гектар жер учаскесін, Атамекен ауылдық округі Тыңдала елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 55,56 гектар;
10) 54,75 гектар жер учаскесін, Жылы су ауылдық округі Жылы су елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 243,55 гектар;
11) 16,61 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Алпамыс елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 90,67 гектар;
12) 18,88 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Байдала елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 95,14 гектар;
13) 17,59 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Бірлік елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 95,46 гектар;
14) 4,49 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Достық елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 93,15 гектар;
15) 48,29 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Жамбыл елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 105,34 гектар;
16) 36,83 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Жаңадала елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 140,67 гектар;
17) 57,9954 гектар жер учаскесін Ш.Ділдабеков ауылдық округі Зерделі елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 57,9954 гектар;
18) 5,37 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Кемер елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 45,58 гектар;
19) 2,91 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Күрішті елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 21,15 гектар;
20) 14,0 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Қызылтаң елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 76,53 гектар;
21) 14,0 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сайлау елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 89,22 гектар;
22) 22,07 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сұлубұлақ елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 103,92 гектар;
23) 8,19 гектар жер учаскесін, Ш.Ділдабеков ауылдық округі Сырабат елді мекені шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 102,42 гектар.
2. "Жетісай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы және шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы және шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Бейсенбаев |
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | Х. Кожбанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | А. Утанов |