"Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 04 мамырдағы № 08-02-03/130 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Листериоз ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекеніндегі Жағалау көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 04 наурыздағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6083 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Жетісай ауданының "Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жетісай ауданының Ж.Ералиев | |
ауылдық округі әкімі | К. Акишев |