Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.04.2024 № 12/96-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналар:
1) Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес;
2) Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Анчугин |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне 1 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 16.09.2022 № 19/164-VІІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.
2. Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
3. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) ағаштарды кесу – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу жөніндегі жұмыс;
3) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган айқындаған учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс;
4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұта өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді орналастырудың схемалық құжаты;
5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және бірыңғай қалалық жасыл қорды құрайтын, табиғи өскен және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөпті өсімдіктер;
9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау-жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және молықтыруға (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу – зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, онда олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын қайта есептеу) – көгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық сипаттай отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй;
16) заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;
17) көгалдандырылған аумақтар – шығу тегі табиғи өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер учаскесі;
18) көгалдандыру жөніндегі ұйым – шарт негізінде елді мекен аумағындағы жасыл екпелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды көгалдандыру, күтіп-ұстау, күту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
19) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);
20) күтіп-баптау жөніндегі жұмыстар – өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөлігін күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар және өзге де іс-қимылдар);
21) мәжбүрлі түрде кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды кесу;
22) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сондай-ақ жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
23) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
24) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
25) санитариялық кесу – авариялық жағдайлар туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырын бұзатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін)ауру, құрғап бара жатқан, құрғақ және зақымдалған бұтақтарды кесу;
26) санитариялық мақсатта ағаш кесу – жасыл екпелердің санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), бұл кезде ауру, зақымданған, қураған және қураған ағаштар кесіледі;
27) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
28) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
29) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
30) шағын сәулет нысандары – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, фонтандар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
31) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
4. Барлық санаттар мен түрлердегі көгалдандырылған аумақтар елді мекен шекараларындағы көгалдандыру жүйесін құрайды, елді мекеннің жасыл қорына кіреді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй мен жеке қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, рекреациялық, орта құрайтын және санитариялық-қорғаныш функцияларын орындайды.
5. Жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар оларда орналасқан жасыл екпелерді сау күйінде күтіп-ұстайды және олардың сақталуын, қорғалуын және күтіп-баптау жөніндегі жұмыстарды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
6. Елді мекендердің жасыл қорын дамытудың негізгі мақсаттары, функциялары:
экологиялық теңгерімді сақтау;
оңтайлы температуралық режимді сақтау, оның ішінде жазғы кезеңде;
ауа ылғалдылығын сақтау;
ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар, кәріз, өрттер, жинақталған коммуналдық қалдықтардың иісі және ауаны ластаудың басқа көздері);
белгілі бір аумақта ластануды және басқа да теріс әсер ету нысандарын сіңіру, тазарту, өзгедей жою;
сәндік-эстетикалық, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады.
7. Жасыл қор мен қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі шараларды азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
9. Көгалдандыру объектілері экологиялық заңнаманы сақтай отырып, елді мекеннің бас жоспарына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде құрылады.
10. Рекреациялық аймаққа жататын ортақ пайдаланудағы жер аумағында рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға (салуға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жол берілмейді.
11. Объектілерді жобалау және салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары болжанатын учаскенің аумағында бар жасыл екпелерді барынша сақтай отырып, объектіні салуға берілген жер учаскесін көгалдандыруды көздеу қажет.
3-тарау. Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртібі
12. Жасыл екпелердің барлық түрлері:
есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін толтыру;
жасыл екпелер тізілімін жүргізу;
дендрологиялық жоспарды әзірлеу арқылы есепке алынады.
13. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізу жөніндегі қызметтер шарттық негізде жергілікті бюджет есебінен және (немесе) басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.
14. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.
15. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу, орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалатын дендрологиялық жоспарға енгізілген өзгерістер болып табылады.
16. Есепке алынған жасыл екпелер осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізіледі.
17. Жасыл екпелердің тізілімі мен есебін уәкілетті орган қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
18. Жасыл екпелерді есепке алуды жүргізу мыналарды қамтиды:
1) жасыл екпелердің саны, түрлік құрамы және жай-күйі туралы дұрыс деректерді есепке алу және алу;
2) елді мекеннің жасыл екпелерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
3) халықты және мүдделі тұлғаларды елді мекендегі жасыл екпелердің саны, жай-күйі және қоршаған орта туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) елді мекен аумағындағы жасыл екпелердің жағдайын талдау;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай ақпараттық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;
6) көгалдандырылған аумақтарды күтіп-ұстау, күрделі жөндеу және оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды регламенттеу;
7) көгалдандырылған аумақтардың меншік иелерін айқындау және олардың сақталуы мен жай-күйіне жауапты заңды және жеке тұлғаларды белгілеу;
8) қаланың көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
9) көгалдандыру жобаларын, күтім жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жасыл екпелерді күтіп-ұстау, күтіп-баптау және пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.
19. Дендрологиялық жоспарды елді мекен шекарасы шегінде құрамында экологтары және (немесе) дендрологтары бар дендрологиялық зерттеулер қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып, уәкілетті орган әзірлейді.
20. Дендрологиялық жоспар екі бөліктен тұрады.
Бірінші бөлім – картографиялық бейнеден тұратын, онда әрбір жасыл екпеге реттік нөмір беріледі және қайта есептеу ведомосімен сүйемелденеді. Картографиялық бейнеде жасыл екпелерден басқа, көшелерді, жолдарды (жүру бөлігін) қоса алғанда, құрылыс салу аймағын және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелері көрсетіледі.
Екінші бөлім – сипаттама, онда көгалдандырылған объектінің сәйкестендіру сипаттамалары, дендрологиялық жоспардың сәйкестендіру сипаттамалары, өсіп тұрған жасыл екпелердің сандық және түрлік құрамы көрсетіледі, мынадай:
кесу үшін (ауру, кепкен);
қайта отырғызуға арналған;
өңделмеген деген белгілерді көрсете отырып, жасыл екпелер өсетін жергілікті жердің бедері, топырақтың құрамы сипатталады.
21. Дендрологиялық жоспардың ауқымы 1:10000.
22. Дендрологиялық жоспар электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалады және сақталады және уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
23. Дендрологиялық жоспар бес жылда бір рет жасалады және оны кейін уәкілетті орган түзетеді.
24. Бес жыл өткен соң климаттық ерекшеліктерге, елді мекеннің немесе оның бөлігінің жоспарлау құрылымы мен сәулеттік бейнесінің қалыптасуына байланысты жаңа дендрологиялық жоспар жасалады және бекітіледі.
25. Шағын қалаларда (халық саны 50 мың тұрғынға дейін) өзгерістер болмаған кезде қолданыстағы дендрологиялық жоспарды қайта бекітуге жол беріледі.
4-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар
26. Жасыл кеңістікті күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
1) отырғызу шұңқырлары мен траншеялардағы топырақты жерді ауыстыру, жасыл екпелерді отырғызу және оларды күтіп-баптау;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды әктеу, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) жасыл екпелерді суару бүкіл вегетациялық кезеңде, жылдың ыстық және құрғақ уақытында суару үлкен жиілікпен жүзеге асырылады;
5) ұшарбасты қалыптастыру;
6) қаңқалы және жартылай қаңқалы бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып жүргізілетін жасарту;
7) тыңайтқыш енгізу;
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күрес;
9) авариялық, қураған ағаштар мен бұталарды санитариялық кесу, түбірлерді жұлу;
10) жасыл екпелердің жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру;
11) ағаштың қуысын тазалау және пломбалау, ағаштың кесілген жерлерін майлы баяумен өңдеу.
27. Жасыл екпелерді күтіп-ұстауды және қорғау жүзеге асырады:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде – уәкілетті орган жүзеге асырады;
2) саябақтар мен скверлерде меншік иелеріне немесе меншік иесі уәкілеттік берген адамға жүктеледі;
3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында және басқа да меншік объектілерінде, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақта және – осы объектілердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларына жүктеледі;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген аумақтарда – тапсырыс берушіге жүктеледі.
28. Ағаштарды жасарту және тығыз өсетін ағаштарды сирету жөніндегі іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
29. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл бойы оларды сақтау, қорғау және қарқынды күтім жасау бойынша қажетті шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді жерсіндіру мақсатында оларды күз басталғаннан бастап ерте көктемге дейінгі кезеңде қайта отырғызылады.
30. Жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс ұйымдары құрылыс салуға немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінген жер учаскесінде орналасқан жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды орындайды:
1) құрылыс алаңдарының қоршауы ағаштар мен бұталар олардың шегінен тыс қалатындай етіп орнатылады. Құрылыс алаңында қалған әр ағаштың немесе ағаштар тобының айналасында ағаштың діңі мен ұшарбасын зақымданудан сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғаныс жасалады. Ағашты-бұталы өсімдіктерді сақтау мақсатында төменгі және жоғарғы ұшарбастарды ішінара кесуге, оқпандарды байлауға, бұталардың ұшарбастарын байлауға жол беріледі;
2) сақталатын ағаштарды қоршауларды, шырақтарды және өзге де заттарды бекіту үшін бағаналар ретінде пайдалануға және зақым келтіруге жол берілмейді;
3) ағаштардың тамырларын жалаңаштауға және дің маңындағы шеңберлерді топырақпен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен көмуге жол берілмейді;
4) жасыл екпелер ауданында жолдарды, тротуарларды және басқа да құрылыстарды реконструкциялау және салу кезінде бұрыннан барларға қарсы тік белгілерді өзгертуге жол берілмейді. Тамыр жүйесін толтыру немесе жалаңаштау мүмкін болмаған жағдайда, жобалар мен сметаларда ағаштардың қалыпты өсу жағдайларын сақтау үшін тиісті құрылғылар қарастырылған;
5) машиналардың көгалдарда тұруына, құрылыс материалдарын жинап қоюға, жанар-жағармай материалдарын, лас қалдықтарды төгуге жол берілмейді;
6) кірмежолдар мен көтергіш крандарды орнатуға арналған орындар жасыл екпелерден тыс орналастырылады және ағаштардың орнатылған қоршауларын бұзбайды;
7) ағаштар мен бұталардың тамыр жүйесі аймағында қазу жұмыстарын тамыр жүйесіне зақым келтірмей, негізгі қаңқа тамырлары орналасқаннан төмен жүргізеді;
8) жаңа құрылыстың барлық учаскелерінде жоғарғы өсімдік топырағын сақтайды, оны алуды және құрылыс алаңының шеттерінде үймелеуді жүргізеді. Бұрғыланған өсімдік топырағы аумақтарды көгалдандыру кезінде пайдаланылады және (немесе) көгалдандыру жөніндегі ұйымға беріледі.
31. Тротуарлар мен өтпе жолдарды асфальттау, төсеу, тақталармен жабу жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштың айналасында кемінде диаметрі 1,2 метр жақын аралық шеңбер қалдырылады.
5-тарау. Уәкілетті органның елді мекеннің аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспары
32. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру, жасыл екпелерді отырғызу бюджеттің түрлі деңгейлері қаражаты есебінен, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.
33. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті орган мынадай жұмыстардың бір түріне және/немесе бір мезгілде түрлеріне ақау актісін дайындайды:
1) жасыл екпенің мекенжайын (орналасқан жерін), түрін, оның сипаттамаларын (оқпан диаметрі, биіктігі, жай-күйі және басқалары) көрсете отырып, болжанып отырған қураған ағашты кесу бойынша көлемді айқындау;
2) нақты учаскеде жоспарланған жаңа жасыл екпелердің көлемін анықтау (жасыл екпенің түрі мен атауы, отырғызу мерзімі);
3) түрі мен сипаттамаларын, отырғызу мерзімдерін айқындай отырып, өтемдік жасыл екпелер орналасатын учаскенің жоспарын айқындау;
4) ағаштың орналасқан жерін, көлемін (санын) көрсете отырып, түбірлерін қопарып қазып алу көлемін айқындау.
34. Уәкілетті орган жасыл екпелерді сатып алуға, оларды тасымалдауға, тыңайтуға, суаруға, топырақты тасымалдауға, механикаландыруға және жұмыс күшіне, сондай-ақ жаңадан отырғызылған жасыл екпелерді жерсіндіру үшін кейін күтіп-баптауға жұмсалатын шығындардың құнын айқындай отырып, еркін нысандағы ақау актісін іске асыру мақсатында жұмыс көлемін айқындау үшін шығындар калькуляциясын жасайды.
35. Инженерлік желілерге (электрмен жабдықтау, жарықтандыру, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау) қатысты жасыл екпелерді кесу және/немесе қураған ағаштарды кесу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде кемінде үш жұмыс күні бұрын инженерлік желілердің меншік иелерімен жұмыстарды орындау мерзімдері келісіледі және жұмыстардың уақыты мен ұзақтығын көрсете отырып, учаскедегі болжамды жұмыстар туралы халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе ұялы байланыс арқылы хабарланады.
6-тарау. Ағаштарды кесу тәртібі
36. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, егер қолданыстағы жасыл екпелер тұрғын үй құрылысы ғимараттарын қоса алғанда, басқа да құрылыстар үшін қатер төндіретін болса, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
37. Ағаштарды кесу:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
5) адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады.
38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.
Уәкілетті орган халықтың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жасыл екпелерді кесуге рұқсат берілмейді.
39. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
40. Авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу мынадай:
ағаштардың, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың және желілердің бүлінуіне қауіп төндірген;
жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер болған, жол белгілерін ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.
41. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу фактісі авариялық-құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі түрде кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.
42. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде ағаштарды санитариялық кесуді уәкілетті органмен жазбаша келісім бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.
43. Ағаштарды кесу Рұқсат беру туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша, Жасыл екпелер тізіліміне сәйкес ағаштардың сандық, тұқымдық құрамын, жай-күйі мен орналасқан жерін дәл анықтау үшін уәкілетті орган маманының алдын ала ағашты кескен жерге баруы және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісін толтыруы арқылы жүзеге асырылады.
44. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат береді.
45. Кесілген жасыл екпелер мен кесілген қалдықтарды (үгінділер, бұтақтар, жапырақтар, қабықтар) жұмыс жүргізілетін жерде жинауға және сақтауға жол берілмейді.
7-тарау. Ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу
46. Жеке және заңды тұлғалар дендрологиялық жоспарға сәйкес өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуға арналған аумақты көрсете отырып, уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды көгалдандыруға қатыса алады.
47. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуды жүзеге асырғаннан кейін орындалған іс-шаралар туралы деректерді береді, ал уәкілетті орган жасыл екпелерді қабылдайды және оларды Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі тізілімге енгізеді.
48. Жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сәйкес көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.
49. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.
50. Егер қайта отырғызу ағаштардың солып қалуына әкеп соққан жағдайда, осы Қағидалардың 59-тармағының талаптарына сәйкес өтемақының он еселенген мөлшері белгіленеді.
51. Ағаштарды қалпына келтіру қала мен елді мекеннің өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда топырақты құнарлы топыраққа ауыстыра отырып, арнайы учаскелерде жүргізіледі.
52. Ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.
53. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге өтемдік отырғызу және күтіп-баптау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды өз штатында көгалдандыру саласындағы мамандары бар көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.
54. Іргелес аумақтағы жасыл екпелер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізеді.
55. Уәкілетті орган жылына бір рет өзінің интернет-ресурсында ағымдағы кезең үшін жүргізілген өтемдік отырғызу жөніндегі ақпаратты және көгалдандыру жөніндегі ұйымдардың тізбесін орналастырады.
56. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 және 386-баптарына сәйкес жауапты болады және елу есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.
57. Тізбеге енгізілген көпжылдық екпелер және (немесе) жасыл екпелер заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштардың сол түрін (қосымша түрлерін) өтемдік отырғызу жүз есе мөлшерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес жауапты болады.
58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалардың 4-тармағында көзделген зиян үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган есептейді.
59. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.
Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі 3 сантиметрден кем емес болуы, дің бөлігінің 1,3 метр жоғары болуы қажет.
60. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.
Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.
61. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, көгалдандыру жөніндегі ұйымды тарта отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.
62. Өтемдік ағаш отырғызу дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
63. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде және жеке аумақтарда өсетін жасыл екпелер механикалық зақымданған немесе жойылған жағдайда кінәлі тарап осы Қағидалардың 59-тармағына сәйкес көшеттер отырғызу арқылы бүлінген немесе жойылған екпелерді бес есе өтемдік қалпына келтіруді жүргізеді.
64. Өтемдік ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар бір ай ішінде уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
65. Кепілдік хатқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
66. Өтемдік отырғызуды жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен бірлесіп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін жасайды және одан әрі күтіп-ұстау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының теңгеріміне береді.
67. Уәкілетті орган өскен ағаштарды Жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.
68. Отырғызылған көшеттер өтемдік отырғызу кезінде жойылған жағдайда, олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлғалар жасыл екпелерді қайта отырғызуды жүргізеді және оларды қайта отырғызу жүргізілген сәттен бастап үш жыл бойы (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі одан әрі іс-шараларды қамтамасыз етеді.
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп- ұстау және қорғау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі
Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу
Қала/елді мекен
Әкімшілік аудан: (код)_____________________
Жауапты иесі:____________________________
Жасыл екпелер тізілімі
№ | Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты) | Кесте | ||||||||||||||
Ағаш өсімдігі | ||||||||||||||||
Бірлі-жарым ағаштар, дана | Топтар, куртиналар, дана | Тоғайлар, алқаптар, дана | Жол бойындағы екпелер, дана | Жиыны, дана | ||||||||||||
Бұталы өсімдіктері | ||||||||||||||||
Бірлі-жарым, дана |
Жасыл қоршам қума метр | Қатарлап отырғызу, дана | Топтық отырғызу, дана | Барлығы қ.м./дана | ||||||||||||
Ашық кеңістіктер | ||||||||||||||||
Гүлзарлар | Көгалдар | |||||||||||||||
Жазғы, м2 | Көпжылдық,м2 |
Контейнерлік, | Вазон, м2 | Альпинарий, рокарий, м2 | Жиыны м2/дана | Партерлік, м2 | Кәдімгі, м2 | Жер қыртысының жамылғысы, м2 | Жиыны м2/дана |
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі
20__ж. "___"___________
Р/с | Жасыл екпелердің табиғи құрамы | Сақталады | Кесуге рұқсат | Рұқсатсыз кесу | ||||||
дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | ||||||||||
2 | ||||||||||
Барлығы: | ||||||||||
Қорытынды |
кестенің жалғасы
Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) | Санитариялық кесу | Сапалық (нақты жай-күйі | Залалды өтеу мөлшері, бірлік | Залалды өтеу мөлшері бойыншазалалдың сомасы | Өтемдік қалпына келтіру, дана | ||||
дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | дана | жасы, жыл | дің диаметрі, см | АЕК | теңге | ||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Осы акт _______ данада жасалды.
Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.
Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ______________________________
қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса)
Уәкілетті органның лауазымды адамы ______________________________
қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса)
Кепілдік хат
_____________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
Ағаштарды кесуге рұқсат алған сәттен бастап алты ай ішінде _______________ дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _________ дана, _________________ үшін кесілетін тұқымдар ____________________________________мекенжайы бойынша:
(себебі көрсетіледі)
__________________________________________________ 20__ жылғы " " жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісіне сәйкес.
Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді.
Өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және үш жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне беруге кепілдік береді
__________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 381-1 және 386 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды.
Күні: 20__ ж. "___" ____________
_____________________________
Басшының Т.А.Ә. және қолы (мөрі бар болса)
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Жасыл екпелердің жерсіну актісі
20___ ж. "___" _________
Жасыл екпелердің отырғызған мекенжайы: ____________________________________
№ | Заңды және жеке тұлғалардың атауы | Рұқсаттың немесе келісудің нөмірі мен күні | Кесілген ағаштардың саны, дана | Қайта отырғызылған ағаштардың саны, дана | Өтемдік немесе бастамашылық отырғызу, дана тұқымы | Жағдайы | Қалпына келтіруге арналған көшеттер саны, дана | Ескертпе | |
Тамыр алды, дана | Тамыр алмады, дана | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | |||||||||
Қорытынды: |
Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)
Уәкілетті органның лауазымды адамы __________________________________________
(Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдег № 4/40-VII шешіміне 2 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлімі), Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді және меншік нысанына қарамастан Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан жерлердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жапсарластыра салынған орын-жайлардың, тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайлардың иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
3. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті басқару органдары, абаттандыруға жауапты мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары жүзеге асырады.
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;
3) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлік жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) орналасқан және оларға арналған жерлер;
4) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
5) тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі - ТҚҚ) - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
6) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;
7) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
8) қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, қайта кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
9) полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар – сұйық қалдықтар; полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар; сумен реакцияға түсетін қалдықтар; медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары; рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; пестицидтер; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; шыны сынықтары; электрондық және электр жабдықтары; жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; құрылыс материалдарының қалдықтары; тамақ қалдықтары;
10) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
11) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
12) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органның коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
13) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
14) шағын сәулеттік нысандар (ШСН) – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
15) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
16) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;
17) жер пайдаланушы – мақсаты мен меншік нысандарына тәуелсіз қала немесе елді мекен аумағында жер учаскелерін пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке тұрғын үйлердің иелері, пәтер иеленушілерінің кооперативі және т.б.);
18) коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
19) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;
20) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
21) қалдықтарды көму – қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;
22) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
23) қалдықтарды орналастыру – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
24) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;
25) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
26) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
27) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер.
2-тарау. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
1. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
5. Жеке және заңды тұлғалар Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтеріне (жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зиян келтіруге және бұзуға жол бермейді. Абаттандыру аумағын ашу қажет болған жағдайда оларды бастапқы қалпына келтіреді.
6. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданып жүрген ұйымдар жүзеге асырады.
7. Қалалар мен елді мекендерді ағымдағы күтіп-ұстау және санитарлық тазалауды абаттандыру ұйымдары жүзеге асырады.
8. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта (қажет жағдайда тазалайды, жуады) ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды;
9. Жеке және заңды тұлғаларға:
1) көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда қоқыс тастауға;
2) ТҚҚ, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды өртеуге, жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
3) өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суын су қоймаларына лақтыруға;
4) тұрғын кварталдардың ішінде және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда, су бөлетін құдықтарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, су қоймаларында, көпшілік демалатын орындарда көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге, сондай-ақ кілем өнімдерін жууға;
5) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, оларды брезентпен немесе жолдардың ластануын болдырмайтын басқа да материалмен жабусыз тасымалдауға;
6) полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтарды кез-келген түрде және нысанда, ұйым болып табылмайтын кез-келген жеке және заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға;
7) коммуналдық қалдықтарды кез-келген түрде және нысанда, ұйым болып табылмайтын кез-келген жеке және заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға жол берілмейді.
10. Ұйымдар аумағынан және инженерлік жүйелерден жерүсті суларын суағар коллекторларға жасанды жіберуге кәріз желілерін пайдаланатын ұйымдардың келісімі және келісім-шарты бар болған жағдайда рұқсат етіледі.
2. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын жинастыруды ұйымдастыру
11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.
12. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, жолдарды және қалалық және елді мекендердің көше желілерін, көлік қою қалталарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп-ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурста жеңіп алған ұйымдар жүзеге асырады.
13. Көше мен өту жолдары бойында орналасқан немесе жол жағынан газонмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан тротуарларды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ тротуарларды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жүргізіледі.
14. Қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарындағы аялдама кешендері мен оларға іргелес жатқан аумақтарды тазарту және жуу жұмыстарын олардың меншік иелері жүргізеді.
15. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
16. Ауданның көп қабатты тұрғын үйлерінің кондоминиумын басқару органы, мамандандырылған көлік құралдары үшін:
1) контейнерлер алаңдарына;
2) газтарату қондырғыларына;
3) қар және қоқыстарды жинау барысында тұрғын үйлердің ішкі орамдарына қолжетімдігін қамтамасыз етеді.
17. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиумын басқару органы мен меншік иелері, ғимараттардың және құрылыстардың меншік иелері және қалдықшығару ұйымдары контейнерлік алаңдар мен оған іргелес аумақтың тиісті санитарлық күйін қамтамасыз етеді.
18. Жинау бойынша ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) аумақты санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды орындау барысында қоқысты көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға жылжытуға;
2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, ормаішілік өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;
3) қарды жинау барысында жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға;
4) жолдардың шетінде қар үйінділерін құру барысында тротуар мен газонға қарды көшіруге;
5) қар үйіндісін тазартқаннан кейін өтпе жолға қарды шығаруға және үюге;
6) нөсер қабылдағыштарға қар үйіндісін жинауға;
7) сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға;
8) жағалау аумағына қоқысты, балшықты, ластанған қарды, қатқан мұзды, тазаланбаған өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тастауға;
9) ағынды су коллекторларына, жауын қабылдағыш құдықтар мен арық жүйесіне сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға;
10) ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға.
19. Жапырақтар түсетін кезеңде, бөлінген аумақтарды тазалауға жауапты ұйымдар көшелер мен магистральдар бойындағы көгалдардан, аула аумақтарынан түскен жапырақтарды сыпыру және шығаруды жүргізеді.
20. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа да жасыл аймақтардағы жолдарды жинау барысында жеке және заңды тұлғаларға, құрамында химиялық реагенттері жоқ, осы мақсатта алдын ала дайындалған алаңдарда, жасыл желектердің сақталуы шартымен және еріген қар суларының ағып кетуін қамтамасыз еткен жағдайда биіктігі отыз сантиметрден аспайтын қарды уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
21. Өтпе жолдардың шетіндегі қарды жинау және шығару осы көше немесе жолдың өтпелі бөлігін жинауға жауапты заңды және жеке тұлғалардың өз күшімен жүргізіледі.
22. Жеке және заңды тұлғалардың көшелердің көлік жүретін бөлігінде және өтпе жолдарда, тротуарлар және аула аумақтарында жинау жұмыстарын жүргізу технологиясы және тәртібі, ауа райы жағдайына қарамастан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
23. Қар шығару ұйымдары арнайы қоспамен араласқан құмды төсеу бойынша жұмыстарды қар жауа бастаған немесе мұзтайғақ пайда болғанда бастайды.
24. Қарды уақтылы тазалауды қамтамасыз ету үшін қар шығару ұйымдары тапсырыс берушінің келісімі бойынша, машиналар мен механизмдердің тәулік бойғы кезекшілігін қамтамасыз етеді.
25. Жеке және заңды тұлғалар көшелердің жүргін бөлігінен, көшелерден, өтпе жолдардан, тротуарлардан тазаланған қарды, жиналған қар үйіндісі түрінде қарды уақытша жинау үшін көшелердің шетіне және көшелер мен өтпе жолдардың шеткі бөлігіне, ал кіреберістер мен ғимараттарға кіретін, баспалдақтан түсетін жерлерден жүргіншілер мен көліктің өтуіне кедергі келтірмейтін орындарға уақытша үйеді.
26. Қарды жинау барысында, қар шығаратын ұйымдар абаттандыру элементтерінің, жасыл желектердің, барлық инженерлік коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз етеді.
27. Бір жақты көлік қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде скверлер, газондар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлінетін жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейін қардан және мұздан қар шығару ұйымдарымен тазалануы тиіс.
28. Қар шығару бойынша ұйымдармен жолдың жүру бөлігінің шетінен механикаландырылған күреу және сыпыру жүргізілгеннен кейін бірінші кезекте аулаларға кіреберіс, шығу жолдары, орам ішіндегі өтпе жолдар тазартылады.
29. Қоғамдық көлік аялдамаларынан, жер үсті тротуар өткелдерінен, көпірлерден және жол өткелдерінен, көпшілік баратын орындардан (сауда орталықтары, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, автостанциялар, театрлар, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері) қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін аула ішілік және аумақтардың орам ішілік жүруін қамтамасыз ете отырып, қар шығару ұйымдарымен бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
30. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін магистральдік көшелерден және өтпе жолдардан, үйілген қарды аумақтардың аулаларынан және аула ішіндегі өтпелерден қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін үш тәулік ішінде, қалған көшелерден және аумақтардан қар жауу аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей қар шығару ұйымдарымен жүзеге асырылады. Жеке секторлардың аумақтарынан жиналған қарды шығару қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен кем емес жүзеге асырылады.
31. Жеке және заңды тұлғалар қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығаруды жүзеге асырады.
32. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқысты жинауға жауапты ұйымдармен қоқыстан тазаланып, абаттандырылады.
33. Қар шығару ұйымдарымен қар жинауға арналған техниканы қолдану мүмкін емес орындарда қолмен тазалау қолданылуы тиіс.
34. Аула аумақтарынан және орамішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды ауладағы автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда үш тәуліктен аспайтын мерзімге үйіп жинауға рұқсат етіледі. Аулаішілік аумақта қарды үйіп жинаған кезде судың жылғалармен ағып кетуін қарастыру керек.
35. Қысқы уақытта ғимараттар (паркингтер) мен үй-жайлардың меншік иелеріне және жалға алушыларға уақытында меншікті және іргелес аумақтарды қардан және мұздан тазалауды ұйымдастыру қажет және оларды қар полигонына өз күштерімен немесе шарт бойынша ұйыммен шығаруды қамтамасыз ету қажет. Ғимараттардың шатырларынан жаяу жүргіншілер жағына шығатын аймақтарды тазарту, қауіпті учаскелерге қоршауды алдын ала орнатумен жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қарды түсіру ішкі аула аумақтарында орындалады. Қарды түсіру жаяу жүргіншілер және әуе желілерінің, шырақтар мен екпелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
36. Ғимараттың шатырынан тасталған қар мен сүңгі мұзды ғимараттың (объект) меншік иесі (теңгерім ұстаушы), кондоминиумды басқару органы көшенің өту бөлігіне жинайды және өз бетінше немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша қар полигонына шығарылады.
37. Қар шығару бойынша ұйымдармен қарды жинау, кейіннен қатқан мұздан жинауды жүргізу барысында, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар, аулаға кіреберістер, қоқыс жинауға арналған контейнерлер мен өрт гидранттарына, сондай-ақ газ тарату қондырғылары мен қосалқы трансформаторларға баратын жолдар тазартылады.
38. Кондоминиум объектісінің басқару органдары немесе тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші ұйым көктемгі кезең басталғаннан бастап іргелес аумақта мыналарды ұйымдастырады:
1) қар суының қалыпты ағып кетуін қажет ететін орындарда ағынды қамтамасыз ету үшін ойыстарды тазарту;
2) қар суын нөсер кәріздерінің люктері мен қабылдағыш құдықтарына қарай жүйелі түрде ағызу;
3) қар ерігеннен кейін қалған қар мен мұзды, қоқысты жинап, аула аумағын жалпы тазарту.
39. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында, кондоминиумдардың басқару органдары және жеке меншік тұрғын үйдің иелері аулаларда қар жинауды уақытылы жүргізеді, шағын сәулет нысандары мен өзге де сәндік элементтерін қардан тазартады. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері, кондоминиум объектілерін басқару органдары, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардың иелері кімнің жауапкершілік аймағына жатқызылған немесе бекітілген инженерлік желілер құдықтарының жоғарғы бөліктерін тазалауды жүргізеді.
40. Жергілікті атқарушы органдармен саябақтар мен жағажайлар, орнатылған урналардан бөлек, контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдармен жабдықталады.
41. Жинау бойынша ұйымдармен қыс аяқталғаннан кейін су аймағының жағалауы қоқыстардан, рұқсатсыз үйінділерден тазартылуы тиіс, су бассейнінің санитарлық жағдайын күтіп-ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
42. Жинау бойынша ұйымдар күнделікті жағажай жабылғаннан кейін негізгі тазалауды жүргізуі тиіс, жиналған қоқыс пен қалдықтар дереу шығаруға жатады.
43. Қала және елді мекендердің аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстарын айына бір реттен кем сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен жүргізіледі.
44. Жеке және заңды тұлғалар жаңбыр қабылдағыш құдықтардың торларының жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, торлар мен құдықтарды ластауға жол бермейді.
45. Жүру бөлігіндегі, тротуарлар мен газондардағы қоршауларды, басқа да жолдарды абаттандыру элементтерін күтіп-ұстау теңгерімінде тұрған ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
3. Қалдықтарды жинау және шығару
46. Қатты тұрмыстық қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жеке жинау (сұрыптау), кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе қалдықтарды жою бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің қызметтерін пайдалануы тиіс, не осы Қағидалардың 48, 49, 50-тармақтарына сәйкес қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды дербес жүзеге асыруға тиіс.
47. Қалдықтарды жинаудың және жеке жинаудың орталықтандырылған жүйесін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде тұратын немесе орналасқан жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.
Қалдықтарды жинаудың және жеке жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.
48. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары (бөлек жинау алаңдары) бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.
49. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды өз бетімен жүзеге асыра алады, бұл ретте кәдеге жарату, қайта өңдеу және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асыратын қаланың және елді мекеннің мамандандырылған тұлғаларымен келісімшарттар жасалады. Сонымен бірге оларда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қалдықтарды қабылдауға арналған құжаттар немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау және жою бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер үшін қалдықтарды қабылдауға арналған құжаттар болуы қажет.
50. Қатты тұрмыстық қалдықтардың иелері қалдықтарды пайда болу орындарында сұрыптауды жүргізуге (пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефтал қаптарды, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын, сынған шыны), қалдықтарды контейнер алаңдарында орналасқан арнайы контейнерлерде (бар болған жағдайда) орналастыруға тиіс.
51. Үй шаруашылықтарының аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлікке ыңғайлы кіреберісі бар контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар орнатылады.
52. Контейнерлік алаңдарда ауқымы мен көлемі контейнерлерден асатын қалдықтарды шығару меншік иелерімен немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
53. Жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.
54. Қызметі нәтижесінде қауіпті қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар, олар пайда болған сәттен бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
55. Қоқыс шығаратын ұйымдар шартта көрсетілген мерзімде қоқысты жою жөніндегі қызметтерді көрсетеді және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп қайта өңдеуді жүргізетін ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады немесе өз бетімен сұрыптайды.
56. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйлер аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдарды орналастырады.
57. Жеке және заңды тұлғалармен қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған жеке тұрғын үйлерден сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
58. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтар, кәріз желілерін пайдаланушы ұйым анықтайтын мамандандырылған ағын суларды қабылдау пунктіне ағызылады. Арнайы емес құдықтарға сұйық қалдықтарды өз еркімен ағызуға жол берілмейді.
59. Сұйық қалдықтар қоқыс шығаратын ұйымдармен мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.
60. Аумақтарында контейнерлік алаңшалары бар жеке және заңды тұлғалар мына талаптарды орындауы қажет:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы және контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы;
2) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитариялық ұсталуын қамтамасыз ету;
3) ТҚҚ, ірі көлемді қоқыстарды, қарды шығаруға уақытында шарт жасасу;
4) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға мамандандырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарту.
61. Жеке және заңды тұлғаларға тыйым салынады:
1) тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстары бар ыдыстарды көшелерге, қоғамдық пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына шығаруға;
2) үйінділерді жасауға, жерге қоқысты көміп тастауға;
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, контейнерлерге орнықтыруға және ТҚҚ жатпайтын қоқысты алаңдарда, оның іргелес аумақтарында жинауға;
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
5) жеке тұрғын үйлерге, ғимараттар мен құрылыстарға іргелес аумақтарда қоқыстарды жинауға;
6) сұйық қалдықтарды және ірі көлемді қоқысты қоқыс салғышқа тастауға;
7) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күлді тастауға және жинауға.
62. Контейнерлерлік алаңдарға қызмет көрсетуші ұйымдар олардың уақтылы жөндеуін жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз болған контейнерлерді ауыстырады; қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың (контейнерлер) тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға қарсы дезинсекциялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
63. Контейнерлерді арнайы техникаға тиеу кезінде шашылған қоқыстарды жинауды қатты тұрмыстық қалдықтары шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
64. Жеке және заңды тұлғалар аулалық шұңқырларды толтырылғанына байланысты, айына кемінде бір рет тазартады.
65. Қоқыс шығару құбырын күтіп-ұстауды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
66. ТҚҚ қоқыс шығарушы ұйымдармен, уәкілетті органмен белгіленген кестеге сәйкес мерзімдерде шығарылады. Кестелер ТҚҚ жинау алаңдарында ілініп қойылады.
67. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинау үшін контейнерлердің болуына құқылы.
68. Жеке тұлғалар жиналған күлді контейнерлік алаңның аумағында орналасқан күлді жинау үшін арнайы контейнерлерге жинауды қамтамасыз етеді.
69. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан арнайы контейнерлерге құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды жинауды қамтамасыз етеді.
70. Пайдаланылған құрамында сынап бар лампаларды, құралдарды және басқа да қауіпті қалдықтарды, полигонда қалдықтарды орналастыруға тыйым салынған қалдықтарды жинау және олардың пайда болу көзінен тасымалдау тек қана оларды қайта өңдеуді/кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.
71. Заңды тұлғалар және қоқыс жинау ұйымдары:
1) халық көп баратын орындарда бір-бірінен кем дегенде елу метр қашықтықта;
2) аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда оннан жүз метрге дейінгі қашықтықта;
3) қоғамдық көлік аялдамаларында және сауда объектілерінің және заңды тұлғалар объектілерінің кіреберісінде екі сауыттан, қоқыстар үшін сауыттар орнатады.
72. Сауыттарды орнату, тазарту және жуу аумақты пайдаланушы ұйымдармен не болмаса аумақтарды иеленуші немесе пайдаланушы меншік иелерімен жүргізіледі. Сауыттарды тазарту олардың толуына қарай орындалады, бірақ күніне бір реттен кем емес.
73. Сауыттарды жуу иелерімен немесе тазарту ұйымдарымен ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына бір реттен кем емес.
74. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында асфальт сынықтарын шығару, қаланың басты магистральдарында жұмыс жүргізген ұйымдармен – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде шығарылады.
75. Өзен айдындарынан, су қоймаларынан, қала мен елді мекен аумағының каналдарынан қоқыс жинау және оған іргелес аумақтарды күтіп-ұстау қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
76. Жеке және заңды тұлғалармен, іргелес аумақтарда, газондарда, сауда шатырларында, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының шатырларда ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
77. Құрылыс алаңдарын, жұмыстар үшін учаскелерді жайластыру жеке және заңды тұлғалармен "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды салуды ұйымдастыру" ҚР ҚН 1.03-00-2011 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
78. Қалалар мен елді мекендердің аумақтары абаттандыру кезінде қозғалысы шектеулі тұрғындар тобын қоса алғанда, тұрғындардың барлық санаттары үшін, жалпы қолданыстағы орындарға, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес оңтайлы жағдайлармен және қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
79. Жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамада көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстардың барлық түрлері бекітілген жобаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
80. Шағын аудандар мен кварталдардың тұрғын аумақтары қоқыс контейнерлеріне, киім кептіруге, демалуға, балалар ойынына, спортқа, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, тұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
81. Алаңдардың саны, орналасуы және жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
82. Кондоминиумды басқару органдары ауланы абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан соң, ШСН-ды одан әрі ағымдағы күтіп-ұстауын жүзеге асырады.
83. Аула аумақтарын абаттандырумен айналысатын кондоминиумды басқару органдары жыл сайын 15 сәуір мен 15 қазан аралығында балалар алаңдарының құмсалғыштарын құммен толтырады.
84. Кондоминиумды басқару органдары өз қаражаттары есебінен ШСН ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізеді. ШСН жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі-жазғы кезеңде жүргізіледі.
85. Иелігінде инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, облыстың қалалары мен елді мекендерінің абаттандырылуының бұзылуына әкелуі мүмкін инженерлік желілер мен құрылғылардың тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.
5. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
86. Ғимараттар мен құрылыстардың иелері объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақталарды таза және дұрыс жағдайда ұстайды, қасбеттері көшеге шығатын дүкендер мен кеңселер витриналарын жарықпен безендіруді жүргізеді.
87. Жеке және заңды тұлғаларға өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
88. Егер де заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе заңды тұлғалардың жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттардағы жекелеген тұрғын емес үй-жайлары болған жағдайда, онда осы тұлғаларға ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және қалпына келтіруге, алып отырған алаңдарына тепе-тең, үлестік қатысу қажет. Ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбеттерін қалпына келтіруде және жоспарланған тұтастай жөндеу жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар адамдар алып отырған алаңдарына тепе-тең, бұл мақсаттарға арналған қаражатты біріктіре алады.
89. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар жалға алу шартының талаптарына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қатысады.
90. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
91. Дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары таза және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады.
92. Көше бағдарларын, нөмір белгілерін, мекенжай тақтайшаларын және флагштоктарды таза және дұрыс күйінде ұстау ғимараттардың, құрылғылардың теңгерім ұстаушыларына жүктеледі.
93. Жеке және заңды тұлғалар тәуліктің қараңғы уақытында қасбеттерді, кіреберістерді, баспалдақ алаңындағы әрбір алаңды (табиғи жарық түспейтін сатыларды тәулік бойы жарықпен қамтамасыз ету), құрылыс салу және көшелердің нұсқау белгілерін, үйлердің, кіреберістердің нөмірлерін, сондай-ақ өрт гидранттарының нұсқау белгілерін сыртқы жарықпен қамтамасыз етеді.
94. Ғимараттарда, құрылымдарда, қоршауларда, ағаштарда, электрмен жабдықтау тіректерінде, аялдама павильондарында және басқа да осы мақсаттар үшін арнайы жасақталмаған объектілерде қандай да бір хабарландырулар мен басқа да ақпаратты жабыстыруға, ілуге және басқа жолдармен орналастыруға жол берілмейді.
6. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
95. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу сыртқы жарық саласындағы ұйымдармен жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша, басым жүйесімен жабдықталмаған аумақтарды қоспағанда, табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
96. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер олардың меншік иелерімен тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды сыртқы жарыққа жауапты ұйымдар жүзеге асырады.
97. Істен шыққан құрамында сынабы бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және оларды кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
98. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез арада жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
99. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
100. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде, сондай-ақ оларды сөндіру кезеңінде жинау бойынша ұйыммен күн сайын судың бетін қоқыстан тазарту жүргізіледі.
101. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмысының аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
7. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
102. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.