Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 53/5-VІ "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6758 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық маслихат хатшысы | А. Светаш |