Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 28-2 тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р. Құдайбергенқызы) қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Ш. Жөргекбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі | Б. Байахметов |