Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Семей қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 2191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6298 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Семей қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы Садырбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Б. Байахметов |