Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің "Еркебұлан" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 09.04.2021 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 02 наурыздағы № 137 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан қарасан ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің "Еркебұлан" шаруа қожалығының аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нарын ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы Б. Чонгожбаев