ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 - 1 – бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 17 наурыздағы № 183 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің "Жақсылық" шаруа қожалығының аумағына белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 7 "Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің "Жақсылық" шаруа қожалығының аумағына карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8425 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 09 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нарын ауылдық округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Б. Чонгожбаев |