Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 35/3-VI "Глубокое ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" шешімнің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6199 тіркелген).
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Калигожин |