Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 204 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 мамырда № 8792 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 489 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің 13.11.2023 № 489 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген), Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 271 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7267 тіркелген, 2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі А. Нургожин

  Әкімдігінің
2021 жылғы 6 мамырдағы
№ 204 қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№ р/н

Ұйымның атауы

Жұмысшылар саны

Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан)

Жұмыс орындарының саны, адамдар

1

"Георгиевка сорғы-жабдықтау зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

92

1

1

2

"Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы

145

1

1

3

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің –атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Өскемен" №110 филиалы

78

1

1

4

"Шалабай" жаупкершілігі шектеулі серіктестігі

126

1

1

5

"САС Казахстан" жаупкершілігі шектеулі серіктестігі

180

1

2

6

Жарма ауданы әкімдігінің "Горводхоз" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

53

1

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Жарминского района Восточно-Казахстанской области от 6 мая 2021 года № 204. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 мая 2021 года № 8792. Утратило силу постановлением акимата Жарминского района области Абай от 13 ноября 2023 года № 489

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жарминского района области Абай от 13.11.2023 № 489 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 14-1) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О правовых актах", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898), акимат Жарминского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере одного процента от списочной численности работников организации, согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата от 30 июня 2020 года № 271 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7267, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 9 июля 2020 года).

      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Жарминского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Жарминского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Жарминского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима Жарминского района Ибраева А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жарминского района А. Нургожин

  Приложение
к постановлению акимата
от 6 мая 2021 года № 204

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

№ п/п

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)
от списочной численности работников

Количество рабочих мест, человек

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Георгиевский завод насосного оборудования"

92

1

1

2

Филиал "Шарское локомотивно - ремонтное депо" товарищества с ограниченной ответственностью "Қамқор локомотив"

145

1

1

3

Филиал №110 Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Енбек-Оскемен" исправительного учреждения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

78

1

4

4

Товарищество с ограниченной ответственностью "Шалабай"

126

1

1

5

Товарищество с ограниченной ответственностью "САС Казахстан"

180

1

2

6

Коммунальное государственное предприятие "Горводхоз" акимата Жарминского района

53

1

1