ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 369 ұсынысы негізінде, Жарма ауданы Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Аршалы ауылындағы "Ақбастау" шаруа қожалығынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 4 "Жарма ауданы Аршалы ауылдық округіне қарасты "Ақбастау" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8494 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Аршалинского сельского округа | М. Касымханов |